Бас жаңалықтар
Қазақстан мен Иран дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды
30 Қаңтар 2019, 08:35 506

Қазақстан мен Иран дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 27 жыл толды.


2018 жылдың 9 ай кезеңінде Иранмен екі жақты сауданың көлемі 368,7 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт 299,5 млн долларға, ал Ираннан импорт 69 млн. долларға жетті.

2005-2017 жылдар кезеңінде Ираннан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 123 млн АҚШ долларын құрады.

Сауда қатынастары негізінен бидай, ет және түрлі тұқымдар сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қамтиды.

Иран - Қазақстанның белсенді инвесторы. Ауыл шаруашылық саласы негізгі инвестициялық бағыт болып табылады.

Қазақстанда Иран капиталы бар 520-ға жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Empire Food және Kaz-Ir AGRO сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда.

Сізден жаңалық