#Qazaqstan30. Текеліде велошеру өтті

7 Маусым 2021, 12:58
2080
Бөлісу:
#Qazaqstan30. Текеліде велошеру өтті

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің қолдауымен дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Velo trаvеl Tekeli» клубы велошеру ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – тұрғындарды патриотизмге баулу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, велоспортты, салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараның ашылу салтанатында Текелі қаласының әкімі Батырхан Молдахметов 30 жылдық аясындағы веломаусымның ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Парапланмен көкте қалықтаған ҚР Мемлекеттік туы қала тұрғындарының патриоттық сезімдерін асқақтатып, рухын оятты.

Велошеруге қала басшылығымен қатар ниет білдірген қала тұрғындары, Алматы қаласынан «UBT Алматы», Талдықорған қаласынан «Velopark. TDK», «VELOPARK.KZ» клубтары, каратэ шинкиокушинкай Федерациясының Текелі қалалық филиалы, қоғамдық белсенділер қатысты.

Өзгелердің жаңалығы