Қазақстан – Түркия қарым қатынасы талқыланды

17 Қаңтар 2020, 17:44
2162
Бөлісу:
Қазақстан – Түркия қарым қатынасы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады. Түркия Елшісі сенім громатасының көшірмесін тапсырды - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 жылғы қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд долларды құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67%-ға өсті (1,5 млрд долл.). Экспорт көлемі 2 млрд доллар, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларға жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы