Қазақстан Президенті іссапармен Ресейде

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды. Бұл туралы&nbsp;РИА Новости жазды.&nbsp;</h4>

3 Сәуір 2019 2019, 14:48
АВТОР
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  3 Сәуір 2019 2019, 14:48
3 Сәуір 2019 2019, 14:48
2369

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Мәскеуге барды. Бұл туралы РИА Новости жазды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы ретінде шетелге алғашқы сапарын Ресейге жасады. 

Президент борты "Внуково-2" әуежайына Нұр-Сұлтан уақытымен 14.00-де келді.

Басқышта Мемлекет басшысын Ресей Сыртқы істер министрлігі хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қарсы алды. 

Ал құрметті қарауыл екі елдің әнұранын орындады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. 

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі мәдени-гуманитарлық, саяси, сауда-экономикалық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірнеше құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін ҚР Президенті ресми сапармен Ресейге баратынын жазған болатынбыз.

Наверх