Қазақстан полициясының мерейтойына арналған байқау өткізілді
14 Мамыр, 14:35 524

Қазақстан полициясының мерейтойына арналған байқау өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Қазақстан полициясының мерейтойына арналған байқау өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қазақстан полициясының 30 жылдығы аясында Ақмола облысының Полиция департаменті ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өткен облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытындысын шығарды. Іс-шараның демеушісі Ақмола Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Amanat партиясынан облыстық мәслихаттың депутаты Омар Шоназаров болды. 

Алдын ала қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінде байқаудың алғашқы кезеңдері өтті. 13 мамырда облыстық көркемөнерпаздар байқауына топтық іс-шаралардың жеңімпаздары келді. Концерт бағдарламасы үш номинациядан тұрды. Олар: «Аспаптық нөмір», «Жеке орындау. Вокал» және «Қызметкерлер балалары» номинациясы. 

Көрермендер әсерлі, мазмұнды, жанрлық бағдарламаны тамашалап, музыкалық нөмірлерге толы патриоттық өрлеуден шабыт алды. Біржан Сал аудандық ПБ қызметкерінің ұлдары Жалғас пен Диас Армиевтер домбыра мен баянда фольклорлық нөмірлер орындады. Бурабай АПБ учаскелік инспекторы Бақтияр Сағынбаев «Адай күйі» композициясын шебер орындаумен көрермендерді қуантты. Астрахан ауданының ПБ полиция инспекторы Динара Курумбаева сахнаға «Қазақстан жері» вокалдық нөмірімен шықты. Қорғалжын аудандық ПБ ардагері жиналғандардың назарына «Қорғалжын әні» әнін ұсынды. 

Жалпы іс-шараға 19 орындаушы қатысты. Айта кету керек, жыл сайынғы ішкі істер органдарының көркемөнерпаздар байқауының шығармашылық қызметкерлер көрермендерге патриоттық көңіл-күй сыйлауға, ал әріптестеріне өз өнерлерімен шабыттандыруға мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Фото: дереккөз
Загрузка...