Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады
11 Мамыр, 00:50 589

Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады Бүгінгі ресми шаралардан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Telegram парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Түркияда жүр.

 Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.  Оның нәтижесі бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Тоқаев пен Ердоған стратегиялық мәлімдемеге қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады.

Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.

Ресми кездесуді аяқтап, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.


Фото: дереккөз
Загрузка...