Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары кездесті

21 Қараша 2019, 18:22
7849
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалмұханбет Қасымов Ресейдің Қаупсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.

ҚР президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың және Ресей Федерациясы Қаупсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен өткен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, - делінген хабарламада.

каа.jpg

Тараптар су қауіпсіздігінің жағдайын және трансшекаралық су ресурстарының экожүйелерін сақтау бойынша шараларды егжей-тегжейлі қарады. Соның ішінде Жайық өзенінің бассейнін сауықтыру туралы бірлескен жұмыс бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек күн тәртібіне әлемде сауда-экономикалық тыйым салу жағдайындағы екі мемлекеттің әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту бағыттары шығарылды.     

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары әлемдік және өңірлік қауіпсіздік саласындағы қазіргі ахуал мен әріптестіктің дамудың алдағы бағыттары бойынша пікірлерін білдірді, - деп хабарлады Ақордада.

Жұмыс нәтижелері бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді. 

Өзгелердің жаңалығы