Қазақстан мен Қытайдың Қарулы күштері "түлкі ауламақ"

14 Қазан 2019, 18:51
3193
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытайдың Қарулы күштері "түлкі ауламақ"
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының «Ново-Ахмирова» оқу полигонында «Түлкі аулау – 2019» әскери оқу-жаттығуы өз бастауын алды. Қазақстан және Қытайдың арнайы бөлімшелері шартты заңсыз қаруланған құрылымды жою бойынша біріккен операцияны өткізеді.       

8 (1).JPG 

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Қытайдың Халық-азаттық армиясы Қарулы Күштерінен оқу-жаттығуға арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен жедел топтар қатысады. Оқу-жаттығуға екі мемлекеттен 200-ден аса әскери қызметші мен 30 бірлік әскери және арнайы техника, сондай-ақ армиялық авиация тартылды.  

1 главная.JPG        

Оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрады. Әр бөлімшеге тапсырмаларды орындау үшін үш күн уақыт беріледі.

2 (1).JPG

«Сценарий бойынша заңсыз қаруланған құрылым елдің аумағына еңбек мигранттары ретінде кірген. Олар арандатушылық акциялары мен диверсияларды өткізуде. Жағдайдың одан әрі ушығып кетпеуі үшін, шартты қарсыластың жасағын жою арнайы операциясын өткізу жайлы шешім қабылданды», - делінген таратылған ақпаратта.

4.JPG

Бірінші кезеңде екі елдің әскери қызметшілері жиынтық тактикалық жасақ құрады. Басқару органдары мен бөлімшелер жоғары жауынгерлік деңгейіне келтіріліп, белгіленген аумақта марш жасайды. Сонымен қатар, бірлескен арнайы операцияны орындауға дайындалады.

9 (1).JPG

«Екінші кезеңде бөлімше түнгі уақытта барлау-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырады. Армиялық авиация шартты қарсыластың базасына шабуылды орындайды. Ұшқышсыз ұшу апараттары әуеден барлауды ұйымдастырса, барлау тобы қарсыласты торуылдауды жүзеге асырады», - деп хабарлады министрлікте.

7 (1).JPG

«Түлкі аулау – 2019» оқу-жаттығуы жыл сайын өтетінін айта кетейік. Олардың басты мақсаты – халықаралық әскери ынтымақтастықты дамыту мен нығайту. Сондай-ақ, арнайы бөлімшелердегі жеке құрамның жеке және топтық машығын жетілдіру. Екі елдің әскреи қызметшілері оқу-жаттығу аясында дағдарыс жағдайында біріккен жоспарлы арнайы жаттығу тәсілдерін қалыптастырады деп күтілуде.

3 (1).JPG

Өзгелердің жаңалығы