Бас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 5 млрд долларға дейін көтеруді жоспарлап отыр
22 Тамыз 2019, 21:03 210

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 5 млрд долларға дейін көтеруді жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ынталы. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов Орталық Азия және АҚШ сыртқы істер министрліктері басшыларының «С5+1» отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер өткізді.

"Тараптар 2019 жылғы 14-15 сәуірде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары және осы жылы 21 маусымда Ташкент қаласында Үкімет басшылары деңгейінде Қазақстан-Өзбекстан Үкіметаралық комиссиясының 18-мәжілісін табысты өткізу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы саяси диалогтың дамуы мен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюін қанағаттанарлықпен атап өтті", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Абдулазиз Камилов Қазақстанның сыртқы істер министрін Өзбекстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды.

Министліктің мәліметінше, министрлер өзара сауданың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға назар аударды, ол 2018 жылы 25%-ға өсіп, 2,5 млрд АҚШ долларын құрады, сондай-ақ өнеркәсіп пен көлік саласындағы бірлескен ірі жобаларды іске асыруға баса назар аударды. Екіжақты тауар айналымын таяу жылдары 5 млрд долларға дейін көтеру жоспарланып отыр.

"Елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың, оның ішінде "Қазақстанның Өзбекстандағы жылын" табысты өткізудің маңыздылығы атап өтілді", - деп хабарлады СІМ-де.

Кездесу барысында, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер талқыланды. Тараптар Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуін табысты өткізуге мүдделілігін растады.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық