Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесті
4 Мамыр, 19:56 445

Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 мамырда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты тереңдетудің, оның ішінде өзара сауда көлемін арттырудың, өнеркәсіптік кооперация мен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $1 млрд асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу секілді бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады.


Фото: дереккөз
Загрузка...