Бас жаңалықтар
Қазақстан мен Канада "уақытын теңестірді"
03 Маусым 2020, 22:33 201

Қазақстан мен Канада "уақытын теңестірді"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың Сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампанмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар COVID-19 пандемиясымен күресу жөніндегі елдердің шараларын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективалары, халықаралық аренадағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Тараптар пандемия адамдардың күнделікті өмірін түбегейлі өзгерткенін және халықаралық қатынастардың барлық жүйесіне елеулі әсер етіп отырғанын атап өтті.

Канадалық тарап Канаданың және Ямайканың бастамасымен өткізілген коронавирус пандемиясы кезіндегі тұрақты дамуды қаржыландыру жөніндегі БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі іс-шарасында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың мазмұнды сөйлеген сөзіне және еліміздің қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Канада сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның өңірдегі жетекші рөлін атап өтіп, Оттаваның Нұр-Сұлтанмен сындарлы және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді.

М. Тілеуберді саяси диалогты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, 2020 жылдың ақпан айында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Канаданың Премьер-министрі Дж.Трюдомен Мюнхенде, сондай-ақ Канаданың Генерал-губернаторы Ж.Пайеттің 2018 жылы ҚР-на сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар екіжақты форматта да, халықаралық аренада да, соның ішінде ядролық қаруды таратпау, орнықты даму, азық-түлік қауіпсіздігі және адам құқықтары мәселелері бойынша да өзара іс-қимылды одан әрі жандандыруды қолдайтындарын жеткізді.


Фото: дереккөз
Загрузка...