Қазақстан мен Израиль дәрігерлері Сovid-19 қарсы күш біріктірмек

5 Мамыр 2022, 21:40
1646
Бөлісу:
Қазақстан мен Израиль дәрігерлері Сovid-19 қарсы күш біріктірмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан делегациясы Израильге іссапармен барды. Сапар  барысында профилактикалық және оңалту медицинасы саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 2022 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша бір жарым мыңнан астам қазақстандық КВИ-дан емделуді жалғастыруда. 2020 жылдың наурыз айынан санағанда 1,3 млн. астам адам ауырып жазылған.

Covid-19 бастан кешкен басқа жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың ағымына әсерін бірлесіп зерттеу біз талқылайтын тақырыптардың бірі болды, деді Астана медицина университетінің  Басқарма төрағасы-Ректоры Камалжан Надыров. 

Сапардың негізгі мақсаты – Израильдің жетекші жоғарғы оқу орындары -  Тель-Авив пен Иерусалим университеттерінің жұмысымен танысу және стратегиялық серіктестік туралы меморандум жасасу мәселесін пысықтау.

 Бұл ЖОО-лар әлемнің үздік университеттерінің қатарына кіреді (Тель-Авив QS World University Ranking ТОП-300 және Times Higher Education World University Ranking ТОП-300 кіреді, ал Иерусалим ЖОО - QS World University Ranking ТОП-200 және Times Higher Education World University Ranking ТОП-350 енген).

Бірлескен университеттер құру мәселесін пысықтау Астана медицина университетінің базасында білім беру бағдарламалары, оның ішінде екі дипломды және MBA, дәрігерлер мен мейірбикелерді даярлауды неғұрлым сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ректор. 

Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ашер Сальмонмен кездесу аясында Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің Астана медицина университеті дипломын тану мәселелерін талқылады. 

Қазақстан мен Израиль дәрігерлері Сovid-19 қарсы күш біріктірмек

Сапар барысында, сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ұйымдастыру, яғни университет студенттері мен оқытушыларының израильдік клиникаларда тағылымдамадан өтуі, сондай-ақ Израиль университеттерінің оқытушыларын визитинг-профессорлар ретінде шақыру мәселелері қарастырылды.

Альберт Эйнштейн негізін қалаған Иерусалим университетімен PhD докторлары мен постдокторантура даярлаудың бірлескен бағдарламасын іске қосу мәселесі көтерілді. 

Сондай-ақ, университет ауруханаларының, атап айтқанда, Ассута медициналық орталығының, «Шиба» медициналық орталығының, халықаралық деңгейде мойындалған клиникалық және ғылыми орталықтар болып табылатын Хадасса ауруханасының жұмыс тәжірибесі зерттелді. 

Университет ауруханасының инфрақұрылымын құру және дамыту, білікті кадрларды даярлау және бірлескен клиникалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, озық медициналық технологияларды енгізу мәселелері бойынша "Шиба" медициналық орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар, сонымен қатар, Хадасса ауруханасының басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласында осы аурухананың филиалын ашу мүмкіндігі талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы