Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне дайын

20 Қараша 2019, 09:25
7435
Бөлісу:
Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Германия Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық жөніндегі уәкілі Михаэль Зиберттің басшылығымен өткен саяси консультациялар барысында айтылды.

Тараптар саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, заңнамалық базаны кеңейтуді, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Саяси диалогты одан әрі нығайту мәнмәтінінде дипломаттар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлинге алдағы ресми сапары екі елдің басшылығы деңгейіндегі достық және сенімді байланыстарды одан әрі нығайта түсетініне және ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша екіжақты қатынастардың дамуына маңызды серпін беретініне сенім білдірді.

Сұхбаттың негізгі бағыты халықаралық аренада, сондай-ақ аймақтық және интеграциялық құрылымдар аясындағы қазақстан-герман өзара іс-қимылының мәселелеріне арналды.

Қазақстандық дипломат герман әріптестеріне Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіруге бағытталған әрекеті, оның ішінде  Еуропалық Одақтың Ауғанстандағы әйелдерді Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінде оқытуға бағытталған бағдарламаласын іске асыруға қолдауы туралы хабарлады. Германия тарапы өз кезегінде осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін мәлімдеді.

Өңірлік ынтымақтастық мәнмәтінінде ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы Германияның рөлі атап өтілді. Атап айтқанда, неміс дипломаты Германия, Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықты қарастыратын Германия Сыртқы істер министрлігінің жаңа бастамасы – "Жасыл Орталық Азия" бастамасын ұсынды. Тараптар бұл бастаманы аймақтағы әр елдің мүдделері тұрғысынан қарастыруға келісті.

Пікір алмасу барысында дипломаттар халықаралық лаңкестікке, аймақтық қауіпсіздікке және халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі басқа да мәселелерге қатысты ұстанымдардың сәйкес келуін атап өтті.

Қазақстандық тарап Берлиндегі Қазақстан Республикасының халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы