Қазақстан Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты

8 Сәуір 2019, 15:20
2003
Бөлісу:
Қазақстан Иорданиядағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өлі теңіздің жағалауында «Ынтымақтастық үшін жаңа алаңды әзірлеу» тақырыбында Таяу Шығыс пен Сотлүстік Африка жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) 10-шы өңірлік форумы өтті. Форумның жұмысына Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара бағдарламасы араб әлеміндегі Төртінші өнеркәсіптік революция, экономиканың жаңа үлгісін қалыптастыру, өңірдің алдында тұрған ортақ сын-қатерлерді шешу үшін нұсқаулық, көптұжырымдамалық әлемде ортақ түйісу нүктелерін іздестіру және салалық диалогтардың болашағы сияқты мәселелерді қамтыды.

Форум Иордания Королі II Абдалланың қолдауымен және қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шара мыңдаған мемлекеттік, іскерлік және қоғамдық көшбасшыларды өңірдегі және бүкіл әлемдегі терең экономикалық, әлеуметтік және геосаяси өзгерістердің кезеңінде диалог пен ортақ іс-қимылдар үшін жаңа жолдарды қалыптастыру мақсатында жинады. 

ДЭФ негізін қалаушысы және Атқарушы төрағасы Клаус Швабпен еліміздің осы жаһандық сараптау ұйымымен он бес жылдық әріптестігінің қорытындыларын талқыланды. ДЭФ-тің талқылау алаңдарында туындаған идеялар халықаралық сипаттағы маңызды шешімдердің негізіне жиі айналатынын атап өту қажет. Кездесу барысында Қазақстан мен ДЭФ арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейту жоспарына баса назар аударылды. 

Министр Б.Атамқұлов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Президенті Сума Чакрабарти арасында өткен кездесу барысында тараптар Банктің қатысуымен алда Қазақстанда өтетін ірі іс-шаралар бойынша, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) отырысы мен Астаналық экономикалық форум бойынша сағаттарын салыстырып тексерді.

Иордания Королі II Абдалланың қабылдауында ҚР сыртқы саясат ведомствосының басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына сәйкес елдің сыртқы саяси бағытының сабақтастығын және өзгермейтіндігін ерекше атай отырып, Қазақстанның ішкі саяси өмірінде болған маңызды өзгерістер туралы айтып берді. Ғарыш саласы мен киберқауіпсіздік сияқты екі ел үшін жаңа салаларда екіжақты диалогты одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сонымен қатар, Форумның аясында Армения Президенті Армен Саркисянмен, Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен, Иордания Сыртқы істер министрі Айман Әл-Сафадимен кездесулер өткізілді. Онда Қазақстан мен осы елдер арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оны кеңейту мәселелері талқыланды.


Өзгелердің жаңалығы