Қазақстан елшісі Мальдивтердің Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

9 Мамыр 2022, 17:38
1299
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Мальдивтердің Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Нұрлан Жалғасбаев Мальдив Республикасының Президенті Ибрагим Мохаммед Солихке сенім грамоталарын тапсырды. 

Рәсім барысында Мальдив мемлекетінің басшысы елшіні тағайындалуымен құттықтап, оның осы лауазымдағы одан әрі жұмысы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қатынастардың үдемелі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. 

Рәсімнен кейін пікір алмасу барысында тараптар көпжақты форматта, атап айтқанда БҰҰ аясында дәстүрлі екіжақты қолдауды атап өтті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандық дипломат Мальдив басшылығына 2020-2021 жж. пандемия кезінде Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Н. Жалғасбаев Мальдив Президентін Қазақстанның халықаралық аренадағы күн тәртібі мен жоспарлары туралы хабардар етті. 

Тараптар туристік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру перспективалары бойынша пікір алмасты. 

Кездесу соңында Президент И.М. Солих Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізуді сұрады, сондай-ақ жаңадан тағайындалған ҚР елшісіне Қазақстан-Мальдив қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда табыс тіледі. 

Өзгелердің жаңалығы