Бас жаңалықтар
Қазақстан аязға төзімді дизель отынын өндіре бастады
21 Қараша 2019, 20:12 924

Қазақстан аязға төзімді дизель отынын өндіре бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз сүзгіден өткізілуінің шекті температурасы -38°С болатын Khazar дизель отынын өндіруге және жөнелтуге кірісті.

Мұндай аязға төзімді отын Қазақстанда теңдесі жоқ Prime D дизель отынын гидротазарту және депарафинизациялау қондырғысында өндіріледі. Кәсіпорынға 2012 жылы мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенінің құрылысын қаржыландырған "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ, "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тарапынан көрсетілген қаржылық қолдаудың арқасында өндіріске жаңа технологияларды енгізудің және шығарылатын тауар сапасын жақсартудың сәті түсті.

Khazar -38 дизель отынының бірегейлігі сол, оның құрамында күкірт пен парафиннің мөлшері өте аз. Оның үстіне, ол технологиялық процесс нәтижесінің таза өнімі, өйткені төмен температуралы қасиеттерге әсер ететін қоспалар оның құрамында жоқ деуге болады. Мұндай дизель отыны К5 экологиялық сыныбына сәйкес келеді. Қазіргі сәтте Khazar -38 өндіру мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенінің Prime D дизель отынын гидротазарту және депарафинизациялау қондырғысын иеленетін еліміздегі жалғыз кәсіпорын Атырау мұнай өңдеу зауытында ғана жолға қойылған.

Қазақстанның көптеген өңірлерінде қыстың қаһарлы болатындығын ескеретін болсақ, мұндай отын отандық тұтынушылардың арасында үлкен сұранысқа ие болады. Оның алғашқы партиясы АМӨЗ-ден 14 қарашада жөнелтілді, бүгінгі таңда  жөнелтілген отынның көлемі 3088 тонна. Атырау МӨЗ қараша айында барлығы 3500 тонна жөнелтуді жоспарлаған болатын, - дейді "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқармасы төрағасының мұнай өңдеу және оның маркетингі жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов.

Өткен жылдың соңында АМӨЗ сүзгіден өткізілуінің шекті температурасы -25°С және -32°С болатын дизель отынын өндіргенін еске саламыз. Алайда зауытты ауқымды жаңғыртудың шеңберінде салынған мұнайды тереңдетіп қайта өңдеудің жаңа кешенінің іске қосылуының арқасында енді жаңа, жетілдірілген қысқы дизель отынын өндіру жолға қойылып отыр. 2012 жылы 13 жыл мерзімге 251,9 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз беріп, зауытты жетілдіру жобасына Қазақстанның Даму Банкі қолдау көрсеткен еді. Жоба Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылды.

Біз Даму Банкінің қаржылық қолдауының арқасында әріптестеріміздің қазақстандықтардың арасында үлкен сұранысқа ие болып отырған шығарылатын  өнім өндірісі желісін жетілдіріп және кеңейтіп жатқандығына қуаныштымыз. Мұндай жобалар әрдайым Банк іске асырып жатқан идеялардың табыстылығын көрсетеді, өйткені АМӨЗ-ді жаңғыртудың арқасында қосалқы процестердің қуаты ұлғайды, бензин мен дизель отынының сапасы жақсарды – және олар еуропалық стандарттарға сәйкес келеді, - деді Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Серік Ахметов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...