Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығы «Қара майордың» отбасына көңіл айтты

13 Ақпан 2019, 09:00
2052
Бөлісу:
Qazaqstan Ardagerleri қауымдастығы «Қара майордың» отбасына көңіл айтты

Астана, BAQ.KZ. Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығы ауған соғысының ардагері, қазақтың «Қара майоры» Борис Төкенұлы Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

 Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығы Ауған соғысының ардагері, батыр, ҚР Қарулы Күштерінің отставкадағы полковнигі, көзі тірісінде-ақ «Қазақтың Қара майоры», «Паншер патшасы» атанған Борис Төкенұлы Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Ауған соғысы алыбының, даңқты қолбасшының жарқын бейнесі әрқашан ел жадында және біздің жүрегімізде сақталады», делінген көңіл айту хатында.

Өзгелердің жаңалығы