Qazaq Kurеsi Ақтөбеде: алғаш рет төрешілер құрамына қырғызстандық әйел қосылды

15 Желтоқсан 2019, 13:46
6881
Бөлісу:
Qazaq Kurеsi Ақтөбеде: алғаш рет төрешілер құрамына қырғызстандық әйел қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 15-16 желтоқсан аралығында Ақтөбе қаласында Qazaq Kurеsi әлем чемпионаты өтеді. 

Ұйымдастырушы - Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы.

Әлем чемпионатында 40 елдің командалары өнер көрсетеді деп күтілуде: Украина, Грузия, Австрия, Норвегия, Эстония, Франция, Ирландия, Германия, Пәкістан, Өзбекстан, Иран, Ұлыбритания, Қырғызстан, Үндістан, Литва, Словения, Ресей және тағы басқалар.

Әлемдік атақтар мен медальдар 8 салмақ дәрежесінде сарапқа салынады. 2019 жылғы Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитеті Ақтөбе қаласына әр елден бес балуан мен бір бапкерді шақырды, - делінген хабарламада.

2019 жылғы Әлем чемпионаты символдарының бірі - Олимпиада алауы.

Чемпионат өтетін Ақтөбе қаласының танымал символы - қызғалдақ. Қазақстанның батыс өңірі мұнай және газ кен орындарына бай. Сондықтан символдардың екінші түсіндірмесі - отты қызғалдақ. Логотиптің дөңгелек формасы шараның халықаралық, жаһандық мәртебесін көрсете отырып, жер шарының бейнесін білдіреді. Қызыл, сары және көк түстер күрестен жарыстар өтетін татамиге дәстүрлеріне сай. Бұл түстер логотип кодының негізі.

logo.jpg

Чемпионатты 20 спорт төрешісі бағалайды, олардың 12-сі - қазақстандық, 8-і - шетелдік төрешілер. Төрешілер құрамына Қазақстан, Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Литва және Армения мемлекеттерінің өкілдері қатысады.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы ұйымдастырған чемпионаттар тарихында алғаш рет төрешілер құрамына Қырғызстаннан келген әйел төреші қосылды, - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Жарыстың бас төрешісі болып халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері, сонымен қатар PhD докторы - Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы тағайындалды.

Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы алтын, күміс, қола медальдардан басқа, үздік техниканы, әдемі лақтыруды және 2019 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жету ниеті үшін күрескерлерді марапаттайды.

Сондай-ақ, чемпионат аясында төрешілер семинары өткізіледі. Семинар барысында Qazaq Kuresi төрешілік тұрғысында талқыланады.

15-16 желтоқсанда өтетін чемпионат орны кездейсоқ таңдалмады. Бұл күндері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып, алдағы Әлем кубогы әлемдегі барлық қазақ күресі әуесқойлары үшін спорттық сыйлық болады, өйткені қазақ күресінің ежелгі түрі, сонымен қатар Отанымыз - Қазақстанның күш-қуаты мен егемендігінің көрінісі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы