Қазақ боксшысы WBC рейтингінде Топ-15 тізіміне кірді

30 Қазан 2019, 10:02
2112
Бөлісу:
Қазақ боксшысы WBC рейтингінде Топ-15 тізіміне кірді

Алматы, BAQ.KZ. Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде Топ-15-ке кірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Соңғы жекпе-жегінде Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-8-2, 9 КО) жұдырықтасқан болатын. Ол 6 қазан күні Головкин мен Деревянченко кешінің андеркардында болған. Әли алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен ұтты, жекпе-жек бар болғаны 44 секундтқа созылды. Бұл кездесуде Ахмедов супер орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белдігін қорғап қалды.

Осы жеңістің арқасында қазақ боксшысы WBC рейтингінде өз дивизионы бойынша 15-орыннан көріне білді. Бұл тұжырым бойынша басты титул GGG-дің бұрынғы спарринг-серігі Давид Бенавидеске (22-0, 19 КО) тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы