QAZAQ AIR әуе компаниясында «Өскемен-Нұрсұлтан» рейсі ашылады

21 Маусым 2019, 21:18
2091
Бөлісу:
QAZAQ AIR әуе компаниясында «Өскемен-Нұрсұлтан» рейсі ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QAZAQ AIR әуе компаниясында Өскемен-Нұрсұлтан рейсі ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Qazaq Air әуе компаниясының мәліметінше, Рейстің ашылуы 10 шілдеге жоспарланып отыр. Өскемен-Нұр-Сұлтан-Өскемен бағыты бойынша ұшу аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері болмақ.

Нұрсұлтан-Өскемен бағытының билет құны 15 616 теңгеден, ал Өскемен-Нұрсұлтан бағыты 16 168 теңгеден басталады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан-Семей-Нұр-Сұлтан рейсі 6 шілдеден бастап қайтадан ашылады. Ұшу аптаның дүйсенбі және сенбі күндеріне қойылған. Ұшу уақыты: 1 сағат 25 минут. Бағасы: 18 484 теңгеден басталады.

Билеттерге алдын ала тапсырыс беру үшін www.flyqazaq.com немесе 8-727-356-14-14 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Өзгелердің жаңалығы