Атырауда қайырымдылық дүкені жұмыс істейді

12 Желтоқсан 2019, 12:35
5106
Бөлісу:
Атырауда қайырымдылық дүкені жұмыс істейді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда "Игі іске бастама" қоғамдық бірлестігі қайырымдылық дүкенін ашып, осы уақытқа дейін 300-ден астам отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайырымдылық дүкені биыл мамыр айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Мақсаты – көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз ету. Дүкендегі тауарлар жомарт жандар әкелген сырт киімдер мен аяқ киімдерден тұрады. "Игі іске бастама" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Ақылбек Мұхановтың айтуынша, дүкендегі барлық дүние мұқтаж жандар үшін ақысыз беріледі. 

WhatsApp Image 2019-12-12 at 09.49.43 (1).jpeg

Дүкеннен ақысыз түрде тамақ алу үшін көпбалалы, жалғызбасты аналардың құжаттары сұралады. Ал, киім алу үшін ешқандай шектеу жоқ. Ең бастысы –  мұқтаж жандардың жеке куәлігі қажет, - дейді Ақылбек Мұханов.

"Игі іске бастама" қоғамдық бірлестігі де қатарына ерікті жандарды жинауда. Басты талап – мұқтаж жандарға көмектесуге ынталы болуы. Бірлестік мүшесі болу үшін www.iib.kz сайтындағы "еріктілер қатарына қосылу" айдарына кіріп, жеке мәліметтеріңізді енгізе аласыз.

Өзгелердің жаңалығы