«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасында күміс жүлдеге ие болды

29 Сәуір 2019, 09:29
2111
Бөлісу:
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасында күміс жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттігінің финалы» өтті. Алматының «Қайраты» атақты «Барселонаны» жеңгенімен, финалда Португалияның «Спортинг» клубынан ұтылып қалды. Сөйтіп, екінші орынды қанағат тұтты.

UEFA-ның бұл турнирінің финалдық матчтары Алматыда үшінші рет ұйымдастырылды. Бұған дейін 2011 және 2017 жылдары футзалдан Еуропаның ең үздік төрт командасы елімізге келіп, бақ сынаған болатын. 

«Алматы-Арена» кешенінде әуелі жартылай финалдық ойындар өтті. «Интер» (Испания) – «Спортинг» (Португалия) және «Барселона» (Испания) – «Қайрат» (Қазақстан) кездесті. Алдымен, алаңға «Интер» мен «Спортинг» шықты. Бұл матчта 5:3 есебімен Португалия клубы жеңіске жетті.

Екінші жұпта «Қайрат» атақты Испанияның «Барселона» клубын тізе бүктірді. Қорытынды - 5:2.

Өкінішке қарай, жерлестеріміздің финалда жолы болған жоқ. Португалияның «Спортинг» клубы чемпиондықты алып кетті. 

Ал қола жүлде үшін тартыста екі Испания клубы жолықты. Бұл жолы «Барселонаның» жолы болды.

«Спортинг» (Лиссабон, Португалия) - «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - 2:1   

Голдар: Кавинато 21, Алекс Мерлим 26 - Дуглас Джуниор 37.

«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасында күміс жүлдеге ие болды


Өзгелердің жаңалығы