Қайрат Шарипбаевтың «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды
15 Қаңтар, 17:25 419

Қайрат Шарипбаевтың «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайрат Шарипбаевтың «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтында жарияланды.

«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, К.К.Шарипбаевтың арызы негізінде, оның «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Д.Г. Досановтың арызы негізінде, оның «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.


 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...