Астанада үш күнде 3000-ға жуық жол ережесін бұзу тіркелген

17 Ақпан 2019, 10:52
2488
Бөлісу:
Астанада үш күнде 3000-ға жуық жол ережесін бұзу тіркелген

Астана, BAQ.KZ. Көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында Астана қаласы Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 14-16 ақпан аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын-алу іс-шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері масаң күйінде көлік құралдарын басқарумен, қарама-қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің өту ережелерімен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөледі.

Жедел алдын-алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық ЖЖЕ бұзу фактілері анықталды. Оның ішінде 1800-ден астамы көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы бойынша, 90-ға жуығы қауіпсіздік белдіктерін тақпауы бойынша, 60-қа жуығы көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы бойынша, 200-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша, 10-ға жуығы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде жүргізуі бойынша және т.б.

 

Өзгелердің жаңалығы