Қатты жаңбыр, найзағай. Алматы тауларында дауылды ескерту жарияланды

3 Мамыр 2022, 10:53
2059
Бөлісу:
Қатты жаңбыр, найзағай. Алматы тауларында дауылды ескерту жарияланды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мамырдың 3-5 аралығында тауда қатты жаңбыр жауып, дауыл туратынын хабарлады.

Саяхаттаушылар үшін ақпарат, Алматы тауларында дауылды ескерту жарияланды! Қазгидромет ММ дауылды ескертуінің негізінде 3-5 мамырда Алматы тауларында  қатты жаңбыр, найзағай, дауыл болатыны туралы хабарлайды,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ найзағай кезінде  жел екпіні  солтүстік- шығысқа қарай секундына 15-20 метрге дейін соғып, дауыл кезінде 25 метрге дейін жететіні айтылған.
 

Өзгелердің жаңалығы