Бас жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында қатты дауыл соғады
16 Қазан 2019, 09:21 356

Шығыс Қазақстан облысында қатты дауыл соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері екі облыста дауылды ескерту жариялады.

"16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел күтіледі, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді", - делінген хабарламада.

Өскемен қаласында 16 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семей қаласында 16 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

16 қазанда Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында 16 қазанда түнде және таңертен тұман күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...