Еліміздің солтүстігінде қатты аяз болады

1 Ақпан 2019, 08:15
2420
Бөлісу:
Еліміздің солтүстігінде қатты аяз болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметіне қарағанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерде қар жауады, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысының  кей жерінде түнде қатты қар жауады. Карск теңізі ауданынан суық ауа массаларының енуіне байланысты солтүстік аудандарында ауа температурасы төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні 20-25 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз бұрқасын болуы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман, күндіз Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысында күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы