Қасымбек Тоқаевқа астық жинау науқаны туралы есеп берді

22 Қыркүйек 2020, 15:53
1063
Бөлісу:
Қасымбек Тоқаевқа астық жинау науқаны туралы есеп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бергі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы Жеңіс Қасымбектің есебін тыңдады.

Мемлекет басшысына қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өндірісіндегі оң өзгеріс, астық жинау науқаны туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымына дайындық және Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылыс туралы ақпарат берілді.

Президентке облыстағы коронавирус індетінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жағдайы да айтылды. Жеңіс Қасымбек медициналық инфрақұрылымдар мен дәрігерлерді даярлау жұмыстары туралы айтып берді, - делінген таратылған ақпаратта.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, өңірге инвестиция тарту және басқа да аймақты дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.


Өзгелердің жаңалығы