Бес облыста қасқыр атуға тыйым салынды

16 Ақпан 2019, 10:20
3840
Бөлісу:
Бес облыста қасқыр атуға тыйым салынды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның бес облысында қасқырлардың популяциясын сақтау мақсатында оларды аулауға тыйым салынды. 

Бұл туралы ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында жыл соңына дейін осы аң түрін аулауға болмайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше,  бұл аймақтарда қасқырлардың саны өте аз. Ақмола облысында бар-жоғы – 30, Павлодар облысында – 194 қасқыр қалған. 

 Бұл өңірлерде қасқырлар үй жануарларына шабуыл жасағанда, не болмаса елді мекендердің аумағында жүрген жағдайда аулауға болады. Қазақстанда барлығы 13 мың қасқыр қалған.
Өзгелердің жаңалығы