Досаев қаржы-кредит саясаты қалай жүзеге асырылғанын баяндады

13 Ақпан 2020, 13:03
1404
Бөлісу:
Досаев қаржы-кредит саясаты қалай жүзеге асырылғанын баяндады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 

Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Досаев президентке қаңтарда қаржы-кредит саясатының қалай жүзеге асырылғанын баяндады

Өзгелердің жаңалығы