Бас жаңалықтар
Қарттар күні: Елорда көшелерін концерттік бағдарламасы бар автобус аралайды
01 Қазан 2020, 05:00 169

Қарттар күні: Елорда көшелерін концерттік бағдарламасы бар автобус аралайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарттар күнін мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен ардагерлер кеңесі бірқатар іс-шаралар өткізеді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Сонымен, бүгін қалалық филармония әртістері туристік автобуста арнайы концерт ұйымдастырады. Шара әлеуметтік қашықтық сақтау мақсатында автобустың жоғарғы қабатында өтеді.

Көлік сағат 09:20-да қозғала бастайды және елорданың 8 тұрғын алабы бойынша жүреді. Атап айтқанда, картада Кенесары даңғылынан Жеңіс даңғылына, Абай даңғылынан Брусиловский көшесіне, Пушкин көшесінен Ш. Құдайбердіұлы көшесіне дейін, Ғ. Мұстафин көшесінен Қобыланды батыр көшесіне, Б. Момышұлы көшесінен Сарайшыққа, Саураннан Қабанбай батыр даңғылдарына, Республикадан Кенесары көшесі, Арбатқа дейін аралайтын болады, - делінген хабарламада.
Жол бойы мерекеге байланысты құттықтаулар айтылып, танымал орындаушылардың халық және заманауи әндері орындалатын болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...