Qarlygash-2019: Елордада мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқылануда

19 Қыркүйек 2019, 12:06
2622
Бөлісу:
Qarlygash-2019: Елордада мектепке дейінгі білім беру мәселелері талқылануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 9000-нан астам балабақша болса, онда 80 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Бұл туралы елордада өтіп жатқан І халықаралық QARLYGASH-2019 конференциясында айтылды.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруге қатысты трендке айналған нәрсе - баланың тұлғалық дамуына жағдай жасау.

"Баланың дамуы эмоцияналдық тұрғыда дұрыс болуы оған ешқандай қауіп төніп тұрмағандығының белгісі. "Қарлығаш" балабақшасында баланың өз-өзін дамытуына әртүрлі технология, әдістемелер арқылы жағдай жасалған. "Қарлығаш" балабақшасы – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа әдістемелерін енгізумен
айналысатын бірегей білім беру мекемесі", - дейді балабақша директоры Гүлнар Искакова. 

І Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда инновациялық әдістемелердің негізінде білімді, білікті балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәжірибелері туралы айтылуда.

"Қазіргі уақытта еліміздегі басты мәселе - мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшадағы орынмен қамту. Ғылым бір орнында тұрмайды, сондықтан балабақшадағы қауіпсіздік стандарттары, жаңа әдістеме енгізу сияқты мәселелерді де шет қалдыруға болмайды", - дейді Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алекцей Цой. 

Конференцияға Австралия, Ұлыбритания, Израиль және басқа да елдерді қосқанда тоғыз мемлекеттен білікті мамандар қатысуда.
Өзгелердің жаңалығы