Қарин: Қазір халықтың бір-біріне деген ең үлкен көмегі – ынтымақты сақтауы

10 Қаңтар 2022, 10:05
1362
Бөлісу:
Қарин: Қазір халықтың бір-біріне деген ең үлкен көмегі – ынтымақты сақтауы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

Білесіз бе, мен бұл күндері әртүрлі жайттарды көрдім. Мен түні бойы қорғаныста тұруға дайын полиция қызметкерлерін көрдім. Мен көптеген хабарламаны көрдім, өкінішке қарай, бәріне жауап бере алмадым. Достарымнан, әріптестерімнен, бейтаныс адамдардан немесе direct-ке «қандай көмек бере аламыз» деген мәндегі көптеген хабарламалар келіп жатты, - деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, қазір халықтың бір-біріне деген ең үлкен көмегі ынтымақты сақтауы болмақ.

Ең бастысы, ынтымақ әр ісімізден көрініс таба алады. Бұл біздің көшеде, полиция органдарында, қоғамдық тәртіпті сақтауда қосқан көмегімізден көрінуі мүмкін. Біздің көмегіміз елімізге ақпараттық шабуылды болдырмау болуы мүмкін. Біздің көмегіміз жалған ақпаратты бөліспегенде, өздігімізден жалған ақпараттың жолын кескен кезде, әлі де толассыз тарап жатқан жалған ақпаратттардың бәрін сүзгіден өткізсек, сол да көмек болуы мүмкін. Кейбір мәселелер бойынша әртүрлі идеологиялық ұстанымдарда болып көрінетін адамдардан да хабарламалар келіп жатты. «Дәл қазір біз біргеміз, қандай көмек бере аламыз» деп сұраған кезде азаматтар шынайы жұдырықша жұмылған сәт болды деп ойлаймын, - деді Ерлан Қарин.

 

 

Өзгелердің жаңалығы