Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

5 Қаңтар 2022, 07:28
1112
Бөлісу:
Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымынан босатылды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы