Мас болып қалған қарағандылық танысын өлтіріп алған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінен дене&nbsp;жарақаттары бар ер азаматтың мәйіті табылды.</h4>

 12 Қыркүйек 2019 2019, 16:56
12 Қыркүйек 2019 2019, 16:56
2496

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінен дене жарақаттары бар ер азаматтың мәйіті табылды.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерекке сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Адам өлтіру» 99-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай 60 жастағы күдіктіні ұстады. Ол марқұммен ішімдік ішу барысында сөзге келіспей қалып, ер адамға дене жарақаттарын келтіргендігін мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген ведомство хабарламасында.

Наверх