Қарағандыда полиция ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

18 Маусым 2019, 21:48
1484
Бөлісу:
Қарағандыда полиция ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағандыда милиция полковнигі Досбек Адамбековтың құрметіне ІІБ ардагері тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Степной-3 ықшам ауданы №3 үйде орналасқан мемориалдық тақтаны ашуға облыстық ПД басшылығы, әкімдік өкілдері, ІІО арагерлері және Адамбековтер отбасы қатысты. 

«Бүгін Қарағанды қаласының барлық полиция қызметкерлері үшін ерекше күн. Біз ауған соғысының, ішкі істер органдарының ардагері милиция полковнигі Досбек Көпбайұлы Адамбековке құрмет көрсетіп салтанатты түрде мемориалдық тақта ашып отырмыз», - деп атап көрсетті облыстың ПД бастығы Ерлан Файзуллин. 

Қарағандыда полиция ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Өзінің еңбек жолын Досбек Көпбайұлы 15 жасында бастаған. Советтік армия қатарында қызмет етіп, 1962 жылы ішкі істер органдарына жұмысқа орналасқан. Қатардағы милиционер лауазымынан бастап, көптеген құрметпен атаққа қол жеткізіп, сүйікті ісіне 32 жылын арнаған. 

Досбек Көпбайұлының кәсіби және тәжірибелік шеберлігін ІІМ басшылығы жоғары бағалаған. Ол Маңғышлақ және Гурьевск облысы, Жезқазған қаласының ІІБ бастығының орынбасары, Саран қаласының ІІО және Қарағанды қаласының ІІБ бастығы лауазымдарында болып, сонымен қатар «Мінсіз қызметі үшін», «ІІМ үздік қызметі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары мен «Милиция үздігі» белгісімен марапатталған. 

Оның қызметтік іс-әрекетінің ерекше кезеңі – Ауғанстан ІІМ кезінде КСРО ІІМ кеңесшісі болған кез. Ауғанстанда қызмет атқару барысында «Жұлдыз» ордені, «Ауғанстанның разы халқынан» және «Жауынгер-интернационалист» медальдарымен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы