Қарағандыда нашақорлықты жоюға бағытталған шаралар атқарылуда

25 Сәуір 2019, 09:20
2418
Бөлісу:
Қарағандыда нашақорлықты жоюға бағытталған шаралар атқарылуда
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облыстық Полиция департаменті «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» жобасы аясында үстіміздегі жылдың өткен 4 айында 600-ге тарта нашақорлыққа қарсы іс-шараларды өткізген. Басты назар – білім беру мекемелерінде. Студенттер арасында нашақорлықты болдырмауға үндеу мақсатында түрлі акциялар мен челлендждер, флеш-мобтар ұйымдастырылуда.

Облыстық Полиция департаменті мемлекеттік органдармен және ведомоствалармен бірлесе нашақорлыққа қарсылық көрсету бағытындағы 538 шара өткізген. Оның ішінде жасөспірімдер мен жастар басты назарға алынып, қаланың білім ордаларында дәрістер оқылып, байқаулар ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер мен спорттық шаралар өткізілген.

«Тұрғындар арасында есірткіге тәуелділік пен нашақорлықпен байланысты қылмыстарды жою, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында облыстық Полиция департаменті әртүрлі бағыттағы шараларды үнемі өткізіп отырады. Білім алушылар арасында есірткіні қолданбау және нашақорлықпен байланысты қылмыстық істерге бармауы секілді ойларды қалыптастыру мақсатында акциялар ұйымдастырылады», - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Қарағандыда нашақорлықты жоюға бағытталған шаралар атқарылуда

Осындай акциялардың бірі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері арасында өтті. Қарағанды облыстық ПД-нің құқық қорғау қызметкерлері мен Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының басшылары бірлесе нашақорлыққа қарсы тақырыбында ғаламтордағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер үшін ұйымдастырған флеш-моб барысында жастар өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете отырып, салауатты өмір салтын сақтау мен есірткі қолдануға қарсылықтарын көрсетті.

«Қарағанда мемлекеттік техникалық университетінің студенттері «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» қоғамдық бастамасы аясында жасөспірімдер мен жастар арасында психикалық белсенді заттарды пайдаланудың алдын алу бағытында флеш-моб өткіздік. Бұл флеш-моб әрі қарай да жалғасын табатын болады. Біз эстафетаны Қарағанды медицина университетінің студенттеріне жолдадық. Алдағы күндері флеш-мобқа ҚЭУ мен ҚарМУ студенттері де қатысатын болады», - деді ҚарМТУ студенттері.

 

Өзгелердің жаңалығы