Қарағандыда бір күнде үш егіз дүниеге келді

11 Қаңтар 2022, 21:30
1976
Бөлісу:
Қарағандыда бір күнде үш егіз дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Қарағандыдағы №2-перинаталды орталықта бір күнде үш егіз дүниеге келді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бірінші болып туған Мұхаммед пен Әли есімді егізді отбасы аттай 20 жыл күткен екен. Одан кейін екі егіз қыз өмірге келді. 

Бүлдіршіндер табиғи жолмен дүниеге келген, қазір олардың жағдайлары жақсы.

Менің үлкен ұлым қазір 20-ға келді. Ал, мына ұлдарым енді ғана дүниеге келіп отыр. Ұзақ уақыт күтіп, ақырында ЭКҰ әдісіне жүгінгенбіз. Бірінші кесарь тілігімен аламыз деген, кейін өзім босана алдым. Балалардың денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер, – дейді Теміртау қаласының тұрғыны Светлана Заркова.

Сәбилер табиғи жолмен дүниеге келген, қазір олардың жағдайлары жақсы.

Әрине, егіздердің дүниеге келуі ол жақсы, бірақ дәрігерлер үшін де анасы үшін де екі есе ұқыпты болып, зор дайындықпен келуі керек. Себебі бұл процестің белгілі бір қиындықтары бар. Қазіргі таңда егіз туған аналардың да, шақалақтардың да денсаулығы жақсы, өздері еміп, өмірге қалыптасып келеді. Жақын арада аман-есен шығарып саламыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді №2 Перинаталды орталықтың акушерлік-физиологиялық бөлім меңгерушісі Жарқын Нүркеева.

Өзгелердің жаңалығы