Қарағандыда көпбалы отбасылардың балалары лагерьлерде демалады

5 Маусым 2019, 18:01
1962
Бөлісу:
Қарағандыда көпбалы отбасылардың балалары лагерьлерде демалады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда биылғы жазда мектеп жанындағы 200 лагерь жұмыс істейді. Лагерьлерде 17 мың бала демалады деп күтілуде, олардың 3 мыңы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлідіршіндер.    

«Әрбір лагерь нақты бағыт бойынша жұмыс істейді. Мысалы, бір лагерьде балалар шаxмат ойнаса, енді біреуінде робототеxникамен немесе шығармашылықпен айналысатын болады. Тіл үйрету курстары да жұмыс істейді. Лагерьлердің басты мақсаты оқушылардың жазғы демалысын сапалы өткізу, балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бүлдіршіндерді еңбекке баулу. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау», - дейді Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Гүлшат Бағрамова.   

Лагерьлерде тәлімгерлер жұмыс істейтін болады. Олар мұғалімдермен бірлесе балалар үшін қызықты бағдарламалар дайындалған. 

«Қарағандыдағы 59 мектеп жанынан ашылған «Меруерт» лагерінің есігі барлық балаға ашық. Біздің лагерьде балалар әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасап, түрлі ойындар ойнайтын болады. Қаланың ең әдемі жерлеріне сапарлау да жоспарда бар. Бүлдіршіндер жазғы демалысын қызықты өткізетініне сенімім мол», - дейді «Меруерт» лагерінің тәлімгері Александра Кянчик. 

Қарағанды қаласында жазғы демалыста балалар мектеп жанындағы лагерьлерде ғана емес, қала сыртындағы балалар демалыс орталықтарында да демала алады. Бүлдіршіндердің демалысы үшін Қарағандыда «Бригантина», «Салют», «Солнечный», Теміртауда «ЖасАлаш», «Факел», Жезқазғанда «Орленок», Балқашта «Жас қанат», Қарқаралыда «Жасдәурен», «Қарқаралы», «Романтик», Бұқар жырау аудаында «Орленок», «Березка», Осакаров ауданында «Ишим» лагерьлері жұмыс істейді. 

Биыл жазғы маусымда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 3 мыңнан аса бүлдіршіннің лагерьлерде демалуға мүмкіндігі бар. Олар үшін тегін тамақ та қарастырылған.  

Өзгелердің жаңалығы