Қарағандыда ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

21 Сәуір 2019, 18:38
1775
Бөлісу:
Қарағандыда ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы Балапан аэродромында жаттығу кезінде ұшақ құлады.

«Бүгін сағат 16.25-те Балапан аэродромында (Қарағанды) FK14 Полярис жеңіл авиациясының әуе кемесі жаттығу үшін ұшып, қонайын деп жатқанда апат болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда 2 адам қайтыс болған. Әуе апатына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Әуе апаттарын тергеу жөніндегі басқармасы тергеуді бастайды. Қайтыс болған ұшқыштың бірі - Аукешев жеке ұшағының ұшқышы  инструктор Артемов», - делінген Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы