Қарағанды облысында Senim 109 бірыңғай қызметінің жұмысы жанданды
8 Қаңтар, 11:48 342

Қарағанды облысында Senim 109 бірыңғай қызметінің жұмысы жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Senim 109 бірыңғай қызметінің жұмысы жанданды. Бұл туралы «Saryarqa aqparat» медиахолдингінің бас директоры Қамбар Ахмет Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қарағанды облысында тәулік бойы жұмыс істейтін Senim 109 бірыңғай қызметінің жұмысы жанданды. Қарағанды облысының тұрғындары Senim 109 қызметіне жүгініп, өңірдегі жағдайға байланысты сұрақтарын қоя алады, - деп жазады ол.

Операторлар төмендегі байланыс арналары бойынша тәулік бойы шағымдар мен хабарламаларды қабылдап жатыр:

- қалалық және мобильді телефондардан «109» қысқа тегін нөміріне;

- senim109.kz сайты;

- мобильное приложение «Azamat – Караганда» (PlayMarket/ AppStore);

- Instagram: senim109.kz;

- Facebook: Senim109;

- телеграм-бот: t.me/senim109kz_bot;

- ВКонтакте: Senim109;

- электронды пошта: salem@senim109.kz;

- WhatsApp +7-701-7-109-109.

Тек ресми ақпараттарға ғана сеніңіздер, - дейді Қамбар Ахмет.


Фото: дереккөз
Загрузка...