Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты
12 Қаңтар, 15:03 287

Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының коменданты Ерлан Файзуллин мәлімдеді.

Тәулік ішінде ішкі істер органдарына 23 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, полиция қызметкерлерімен 13-і ашылды. Төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 586 әкімшілік хаттама толтырылып, 51 адам әкімшілік қамауға алынды. 14 құқық бұзушыға хаттама толтырылды. 460 тұлғаға ескерту берілді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында 36 тиым салынған зат тәркіленді.

Мәселен, Балқаш қалалық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен блок-бекеттен 53 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы  Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында полиция қызметкерлері тегіс ұңғылы қарудың 6 оқ-дәрісін тәркіледі. Көлік жүргізушінің азаматтық қару иесі екені анықталды. Оған қатысты азаматтық қарудың оқ-дәрілерін алып жүру тәртібін бұзғаны үшін хаттама толтырылды.

Сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлері 16 дана тегіс ұңғылы қару және 6 пышақ тәріледі. Сонымен қатар 8 факт есірткі заттарын сақтаудың жолы кесілді.

Қарағанды облысы Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимі талаптарын бұзбауға шақырып, полиция жұмысына түсіністікпен қарап, қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдіреді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...