Қарағанды облысында қаза тапқан қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды

10 Қаңтар 2022, 09:45
994
Бөлісу:
Қарағанды облысында қаза тапқан қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының, Ұлттық ұланының қызметкерлерін және еліміздің бейбіт тұрғындарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Өңір әкімі Жеңіс Қасымбек облыс әкімдігінің атынан қаза тапқан қазақстандықтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Осы қиын-қыстау күндерде облыстың барлық тұрғындары сіздермен қайғы-қасіретті бөліседі, – деді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, еліміздің бірқатар аймағындағы қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы