Қарағанды облысында да үй құстары қырылып жатыр

22 Қыркүйек 2020, 16:11
2066
Бөлісу:
Қарағанды облысында да үй құстары қырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Изенді, Тассуат ауылдарында барлығы 86 тауық пен қаз өлген, деп хабарлады Qazaqstan Ұлттық арнасы.

Қарағанды облысының Нұра ауданында да үй құстары қырылып жатыр. Изенді, Тассуат ауылдарында барлығы 86 тауық пен қаз өлген. Ветеринар мамандар өлекселерден және тірі құстардан сынама алып, оны Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханаға жіберді. Қорытындысы апта соңына дейін шығады. 

Құстардың неден қырылғаны жөнінде қосымша хабарланады. Әзірге аумақтағы құс фабрикаларынан ешқандай өлім-жітім хабары келіп түскен жоқ, - дейді мамандар.

Айта кету керек, биыл жылдағы жоспар бойынша өңірдегі құс фермалары мен жақын маңдағы ауылдардағы 500 мыңға жуық құсқа екпе салынған.

Еске салсақ, кеше ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева өңірлердегі құстардың жаппай қырылу себебін түсіндіріп, шығынға батқан фермерлерге 390 млн теңге төленетінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы