Қар құрсауындағы елорда

28 Қаңтар 2020, 18:21
2975
Бөлісу:
Қар құрсауындағы елорда
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елорданың қысы қатты болып тұр. Қалың жауған қар қала тұрғындарын әбігерге салып, әкімдік жұмысын сынаққа алғандай. 

_70A0532.jpg

Мамандардың айтуынша, қаңтар айында еліміздің бас қаласына әдеттегіден үш есе көп қар жауған. Осыған орай қала тіршілігі мен тынысын бақылап көру үшін және қазіргі жағдайдың қандай екенін көрсету мақсатында елорда көшелерін аралап шығуды жөн көрдік.

_70A1223.jpg

Нұр-Сұлтанда қаңтар басынан бері 49 миллиметр қар жауды. Ал елорда бойынша бір айлық норма 16 миллиметр. Яғни қалада бір айда үш айлық норма қар жауған. Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауған қар да 2-3 айлық норманы құрайды. Қатты бораннан көру қашықтығы 50-500 метр, - деді "Қазгидрометтің" қысқамерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Алуа Саханова. 

_70A1002.jpg

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимі де енгізілді.

_70A0535.jpg

27-сінен 28-не қараған түні қар тазалау және шығару жұмыстарына 1206 техника мен 1548 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

_70A0975.jpg

Жалпы қыс басталғалы бері шығарылған қар көлемі 2 371 244 текше метрді (197 603 рейс) құрады.

_70A1046.jpg

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылып, әуе рейстерінің ұшуына шектеу қойылды.

_70A1163.jpg

Елорданың 0-12-сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттеріне сабақ тоқтатылды. 

_70A0593.jpg

Дегенмен оқушылар мен балалар тек қуанышты сияқты.

_70A0979.jpg

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықовтың мәліметі бойынша, бүгінде қар құрсауынан 645 адам құтқарылып, 133 көлік шығарылды.

_70A0974.jpg

Зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында құтқарушылар тобынан жасақталған жедел штаб құрылып, арнайы үш желі (24-52-12, 24-51-47, 24-51-71) іске қосылды.

_70A0586.jpg

Елорда жастары "Біз біргеміз" (#BizBirgemiz) акциясын бастап кетті. 

_70A1170.jpg

Әкімдік түрлі мекеме басшыларына жұмыс күнін қысқартуды ұсынды.

_70A1084.jpg

Адамдардың тұратын жері мен жұмыс орнына жетуі қиындап кетті. 

_70A1104.jpg

Алайда кей тұрғындар мұндай қыстан аман шығудың жаңа "әдісін" тапқан сияқты.

_70A1246.jpg

Төртжолақты жолдар "біржолаққа" айналып кетті. 

_70A1057.jpg

Қазіргі ауа райының қолайсыздығына байланысты бұзылатын кей құқықбұзушылықтар "Сергек" камерасына жазылмайтыны белгілі болды. 

_70A1207.jpg

Қала көшелеріндегі күрделі жағдай, үйлер арасында да, адамдар жүретін жолдарда да байқалады. 

_70A1015.jpg

Тұрғын үйлердің ішкі ауласын пәтер иелерінің кооперативі тазалауда, алайда кей көлік жүргізушілерінің салдарынан қар дұрыс толық шығарылмай жатыр. 

_70A0994.jpg

Қарға кішкентай көліктер де, үлкен техника да батып қалып жатыр. 

Қар жауған күні 2 сағат қана ұйықтаймын. Алғашқы қар жауғанда 5 күн ұйықтамадым, - дейді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Өзгелердің жаңалығы