Қаңтар оқиғасы. Сотқа 288 қылмыстық іс жолданған
3 Мамыр, 15:03 461

Қаңтар оқиғасы. Сотқа 288 қылмыстық іс жолданған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туалы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істерді тергеу барысы туралы жұртшылықты хабардар етуді жалғастырып жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, тергеудің аяқталуына қарай қылмыстық істер сотқа жолданып жатыр. Қазіргі уақытта, сотқа 288 қылмыстық іс жолданды, оның 208-і Алматы қаласында, Алматы облысы – 49, Жамбыл – 10, Шымкент қаласында – 9, Қызылорда – 5, Түркістан – 4, Ақмола – 2 және Атырау облысында – 1, - деді Қилымжанов. 

Ол атап өткендей, олар бойынша 275 адам сотталды, оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айыруға, қалғандарына бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Жалпы ел бойынша қаңтар оқиғасы кезеңінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу бойынша 721 адам күдікті деп танылды, оның ішінде 281 адам қамауда. Алматы қаласы – 82, Шығыс Қазақстан – 35, Жамбыл облысы – 44, Шымкент қаласы – 43, Қызылорда – 36, Атырау – 14, Алматы облысы – 5 және Ақтөбе облысында – 4, - деді ол.    


Фото: дереккөз
Загрузка...