Қаңтар оқиғасы: Генерал Күдебаев күдікті деп танылды
PHOTO
13 Мамыр, 17:06 482

Қаңтар оқиғасы: Генерал Күдебаев күдікті деп танылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Қазір Күдебаевқа қатысты  облыстық полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз. Серік Мырзақұлұлы күдікті деп танылып отыр, — деп хабарлады Бас прокуратура.

Ведомство мәліметінше, ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, « байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес».


Фото: дереккөз
Загрузка...