Қаңтар айында зардап шекен бизнесті қолдауға 6,3 млрд теңге бөлінді

5 Мамыр 2022, 13:31
1251
Бөлісу:
Қаңтар айында зардап шекен бизнесті қолдауға 6,3 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімдігі қаңтар оқиғаларынан кейін зардап шеккен кәсіпорындарға қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр.

Қаржылық емес қолдау ретінде:

- қаржы институттары несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру; 

- ірі сауда объектілерінде жалға алуға жеңілдіктер; 

- коммуналдық нысандарда жалға алу уақытша тоқтатылды; 

- ALMATY Business-2025 қалалық бағдарламасы өзгертілді. 

Қала билігі бизнесті қаржыландыруға да көмектеседі.

Зардап шеккен кәсіпкерлер үшін несиенің жаңа түрі енгізілді. Ақша жылдық 2%-бен, 10 млн теңгеге дейін бір жыл мерзімге беріледі. Кепілсіз кредиттеу бойынша мөлшерлеме екі жылға 6 млн теңгеге дейінгі сомамен 12%-дан 9%-ға дейін төмендетілді, - делінген әкімдік таратқан хабарламада. 

Almaty Finance және Almaty МҚҰ қарыз алушылары үшін қарызды өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру және айыппұлдардан 180 күнге дейін босату қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы