Қандағы холестерин деңгейін не төмендететінін білесіз бе?

13 Желтоқсан 2019, 15:43
12870
Бөлісу:
Қандағы холестерин деңгейін не төмендететінін білесіз бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мединадағы (Сауд Арабиясы) Таиба және Египеттің Бенхи университетінің ғалымдары сұлы дәндерінің сығындысын (экстрактісін) қабылдау қандағы холестерин мен триглицерид деңгейін төмендететінін анықтады.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Зерттеу жүргізген ғалымдар тышқандарға тәжірибе жасады. Олар кеміргіштерді ұзақ уақыт бойы өте майлы тамақпен тамақтандырды.   

Бұл тышқандарда патологиялық өзгерістерді, атап айтқанда гиперлипидемияны туындатты. Кеміргіштердің липид алмасымы бұзылып, қандағы нашар холестериннің деңгейі (тығыздығы төмен липопротеиндер) жоғарылап, жақсы холестериннің деңгейі (тығыздығы жоғары липопротеиндер) керісінше төмендеп кетті. 

regnum_picture_14671073782813657_normal.jpg

Холестериннің артық мөлшері қантамырлардың қабырғалары жиналып, қалыпты қанайналымына кедергі келтіреді. Бұндай бұзылыс - жүрек ұстамасы мен инсульт қаупін туындататын басты факторлардың бірі саналады. Бұдан бөлек, гиперлипидемия салдарынан бауырға май жиналып, оның қалыпты қызметін бұзады. 

Тәжірибе барысында сұлы дақылдарын тұтынған тышқандардың қанының құрамында липид деңгейі төмендеген. Сонымен қатар, сұлы экстрактісі майлы тамақтан құралған диета салдарынан зақымдалған бауырдың функциясын ретке келтіретіні анықталды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы