Қанат Таймерденов: 500-ден астам адам соққыға жығылды

5 Қаңтар 2022, 21:02
1029
Бөлісу:
Қанат Таймерденов: 500-ден астам адам соққыға жығылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының коменданты, қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов жергілікті тұрғындарға үндеу жасады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алматыда коменданттық сағат енгізілді. Қоғамдық тәртіпті қадағалауға құқық қорғау органдары, Үлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің сарбаздары жұмылдырылды. Олар заңның азаматтардың конуституциялық құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде,-деді Қ.Таймерденов.

«Төтенше жағдай туралы» ҚР заңына сәйкес, төтенше жағдай кезінде арнайы шаралар мен уақыта шектеулер енгізіледі және олар мүлтіксіз орындалуы керек.

Сонымен қатар ол төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін Қазақстан заңдарына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Азаматтарды осы талаптарды сақтап, мүлікті талқандау, тонау және экстремистік әрекеттерге қарсы бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Өкінішке қарай, 5 қаңтар түнінде экстремистік топтар белсенді әрекет ете бастады. Олардың заңсыз әрекеттерінің салдарынан 120-дан астам көлік өртенді, оның ішінде полиция мен жедел жәрдемнің көлігі және өрт сөндіруші көліктер бар. Заңсыз әрекеттердің зардабын бизнес те тартты: 120 дүкен мен 180 қоғамдық тамақтану орны және шағын және орта бизнестің 100 кеңсесі қирады. 500-ден астам адам соққыға жығылды, олардың арасында 130 әйел мен қарт адам,-деп мәлімдеді қала коменданты.

Оның сөзінше, бүгін экстремистер мен радикалдар қалаға тағы шабуылдады. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қолға алынды.

Біз көшеге шыққандарды үйлеріне тарауға шақырамыз. Біздің басты мақсатымыз – жағдайдың шиеленісуінің алдын алу. Мен қала тұрғындары мен қонақтарын үйлерінде болуға, үрейге, арандатуға бой алдырмауға, ақпараттарды тек ресми көздерден алуға және еліміздің заңдарын құрметтеуге шақырамын,-деді Қ. Таймерденов.

Айта кетейік, Алматыда жағдайдың ушығуына байланысты төтенше жағдай енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы